Оңтүстікте «Қыс-2017» командалық оқу-жаттығу өтті

492
Оңтүстікте «Қыс-2017» командалық оқу-жаттығу өтті

Оңтүстік Қазақстан облысында «Қыс-2017» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті. Іс-шараға облыстық ішкі істер және төтенше жағдайлар департаменттері, облыстың, қалалар мен аудандардың азаматтық қорғау қызметтері, төтенше жағдай комиссиясы, қорғаныс министрлігінің өңіріміздегі бөлімдері қатысты.

Оңтүстікте «Қыс-2017» командалық оқу-жаттығу өтті

Оңтүстікте «Қыс-2017» командалық оқу-жаттығу өтті

Оқу-жаттығудың ашылуына қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев азаматтық қорғау қызметтері мен құрлымдарының қыс мезгілінде орын алатын төтенше жағдайларға әзірлігін тексерді.

Оңтүстікте «Қыс-2017» командалық оқу-жаттығу өтті

Оңтүстікте «Қыс-2017» командалық оқу-жаттығу өтті

– Қыс жақындап келеді. Сондықтан қыста орын алуы ықтимал барлық келеңсіз жағдайдың алдын алуды күшейтуіміз қажет. Бұл ретте негізгі күш облыстық төтенше жағдайлар департаментіне артылады. Десек те, бұл іске басқа құрылымдық күштер де бір кісідей атсалысуы керек, – деді Жансейіт Қансейітұлы.

Оңтүстікте «Қыс-2017» командалық оқу-жаттығу өтті

Оңтүстікте «Қыс-2017» командалық оқу-жаттығу өтті

Облыс әкімдігі алдындағы алаңда өткізілген шара барысында жол қызметінің техникалары мен төтенше жағдайлар департаментіне қарасты жеке құрамның іс-қимылы ұйымдастырылды. «Жиын» дабылы бойынша жиналған жеке құрам мен техникалары толық дайындыққа келтірілді.

Оңтүстікте «Қыс-2017» командалық оқу-жаттығу өтті

Оңтүстікте «Қыс-2017» командалық оқу-жаттығу өтті

Оқу-жаттығу сценариі бойынша облыс аумағында күрделі метеорологиялық жағдай туындап, ауа температурасы 15 градустан төмендеп кетеді. Қарға ұласқан жауын-шашын нәтижесінде Сайрамсу өзені тасып, автокөлік жолдарының кей жерлерін мұз басады. Жол-көлік оқиғасы болып, адамдар суға құлап кеткен. Сондай-ақ, теміржолда жанар-жағармай тасымалдайтын вагондар рельстен шығып кетіп, өрт пайда болады.

Оңтүстікте «Қыс-2017» командалық оқу-жаттығу өтті

Оңтүстікте «Қыс-2017» командалық оқу-жаттығу өтті

Бүгінгі дайындық шарасының негізгі мақсаты – орын алған келеңсіздікті тез арада жою. Ол үшін Сауран демалыс аймағында қыстағы төтенше жағдайларды жою мақсатында арнайы-тактикалық оқу-жаттығу өткізіледі деп күтілуде.

Оңтүстікте «Қыс-2017» командалық оқу-жаттығу өтті

Оңтүстікте «Қыс-2017» командалық оқу-жаттығу өтті

Айта кетейік, қазірдің өзінде облысымызда қыс мезгіліндегі қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 11 мың тонна тұз бен 10 мың тонна құм әзірленген.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі