Шымкентте болған өрттің кесірінен 19 жасар өрімдей жігіт қаза тапты

Бес қабатты тұрғын үйде болған өрттен 19 жасар жас жігіт қаза тапты деп хабарлады Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі.

Өрт 2012 жылдың з-қаңтар күні сағат 02,58-де Шымкент қалалық Әл-Фараби ауданында болған. 3 шаршы метрді шарпыған тілсіз жауды ауыздықтауды өрт сөндірушілер 32 минутта атқарған. Қызыл алауды сөндіру нәтижесінде 19 жасар жас жігіттің денесі табылады.

«Тілсіз жауды ауыздықтауға ОҚО Төтенше жағдайлар департаментіндегі өртсөндірушілер тобының жеке құрамындағы 17 адам және үш техника жұмылдырылды»,- делінген ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі берген хабарламада.