Түркістанның тарихи бөлігі ерекше қорғалатын аумаққа енуі мүмкін

260

Түркістанның тарихи бөлігі ерекше қорғалатын аумаққа жатыстырылуы мүмкін. Жабайы табиғат Бүкіләлемдік қорының ұсынысымен Қожа Ахмет Ясауаи кесенесінің аумағы ЭКОНЕТ жобасына енуі ықтимал. Қазір қор өкілдері жобаның жоспарын тиянақтау үстінде.

Оңтүстіктегі Түркістан ауданының әлеуметтік экономикалық дамуын жеделдетуге мүмкіндігі бар. Осы тұста табиғи байлықты сақтап қана емес оны арттыруға да жағдай туындап отыр. Түркістанның тарихи бөлігі мен оның жанындағы орман шаруашылықтарын бірегей ЭКОНЕТ Орта Азиялық жүйесіне енгізу- аймаққа қосымша ресурстарды тартуға және жергілікті халықты жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Наталья Рысакова, Қазақстанда ЭКОНЕТ жобасын атқарушы: «Бұл аудандағы барлық секторлардың жұмысы. Әрине, ол тек ауданға емес, өңірге пайда келтіретіні сөзсіз».

ЭКОНЕТ – экологиялық дәліз бен шекаралары қорғалатын табиғи аумақтардың бірегей жүйесі деп түсіндіреді Бүкіләлемдік қор өкілдері. Жоба Орта Азия мемлекеттерімен мақұлданып, белсенді түрде жүзеге асырылуда.

Бірінші кезекте Түркістанның суландыру жүйесін қалпына келтіру, Арыс өзеніндегі су қоймасының құрылысын бастау көзделуде. Сондай-ақ Тұрғылықты халық саяхатшыларға кешенді қызмет түрлерін ұсынуға дайын болуы тиіс. Каналдар мен ұңғымаларды ретке келтіру үшін облыста қаржы табылады.

Мұндай жобалар облыс әкімдігі басшылығы тарапынан қолдауға ие. Және де әлемдік дағдарысқа қарамастан маңызды игі істер өңірден қаржыландырылады. Эконет жобасы Түркістан ауданындағы 60 мың гектар жерді қамтымақ.