Ұлтымыздың біртуар өнер иелерінің мерейтойын оңтүстік жұрты атап өтті

382

Биыл төрт бірдей ұлтымыздың біртуар өнер иелері, қазақ әйелінің үлгісі, мақтанышына айналған майталмандарымыздың мерейтойы. Жезтаңдай әншілер Күләш Бәйсейітова, Жамал Омарова және тұңғыш қазақтың бишісі Шара Жиенқұлованың туылғанына 100 толса, кеше ғана өмірден озған Роза Бағланова көзі тірі болғанда 90 жылдығын көрерменімен атап өтер еді. Шымкенттің өнер сүйер қауымы бұл мерейтойларды ерекше атап өтті.

Биыл биші Шара Жиенқұлова, әнші Жамал Омарова, КСРО халық әртісі Кұләш Байсейтоваға -100 жыл. Қазақ ССР-нің халық әртісі Роза Бағлановаға – 90 жыл толды. «Қазақ өнерінің төрт жұлдызы» тақырыбында, Абай атындағы

Жас өнерпаздар аталған төрт жұлдыздың өмірі мен шығармашылығына кеңінен тоқталуды ұмытпады. Шымкент әлеуметтік педагогикалық университетінің студенті Шұға Оспанова арда апаларына арналған жүрекжарды жырын оқыды.

Қаламыздың жастары атсалысқан шарада «Жасдәурен» би тобы мың бұралған биімен Шара апасының ізін жалғастырушы екендігін дәлелдей түсті. Ал Қайрат Ақтөре аналарға арналған арнауын оқып, ақ тілегін жеткізуді ұмытпады.

Қазақтың маңдайына біткен жұлдыздар өмірдерегіне арналып арнайы көрме жасалды. Заманында талай белесті бағындырып, тарихи тұлға болған жұлдыздар кешіне жастар мен бірге “Сәлем” ұлттық-этнографиялық әжелер ансамблі де өнерлерін ортаға салды.