Ұлағатты ұстаз Мызахан Сәрсембаевқа – 100 жыл

615
Ұлы ұстаз Мырзахан Сәрсембаевқа 100 жыл

Өңірімзде 1937 жылы құрылған ОҚО педагогикалық институтында ұстаздарға білім беруде қаншама жан өз өмірін арнады. Солардың бірі әрі бірегейі – Мырзахан Сәрсембаев. Ол аталмыш институтта 1971-1984 жылдары аралығында ректорлық қызмет атқарған. Ұстаздың салған сара жолы күні бүгін де жалғасып келеді. Өйткені институттың  бүгінгі ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Оңалбай Аяшев Мырзахан Сәрсембаевтың шәкірті болып табылады.

Ұлы ұстаз Мырзахан Сәрсембаевқа 100 жыл
Ұлы ұстаз Мырзахан Сәрсембаевқа – 100 жыл

Тұлғаның 100 жылдық мерейтойын институт ұжымы ерекше етіп еске алды. Шара аясында Мырзахан Сәрсембаевтың сол кезеңдегі әріптестері, достары мен жұбайы және баласы келді. Институт залында ұстаз жайлы естеліктер айтылды, студенттерге өмірбаянынан үзінділер оқылды.