Әбдімұса Қуатбеков әлемдік деңгейдегі ғалым

805
марапат барысы

«Қазақстан Халықтар Дос­ты­ғы» университеті Оңтүстік Қа­­зақстан облысында аты іл­ти­патпен аталатын жоғары оқу орындарының бірі. Осы жо­ғары оқу орнының пре­зи­ден­ті Әбдімұса Мұратұлы Қуат­беков білім беруді да­мытуға, өндірістің барлық са­ла­ла­ры үшін жоғары білікті және бә­секеге қабілетті мамандар даяр­лауда аянбай еңбек еткені үшін, халықаралық дәрежедегі марапатқа ие болды.
Халықаралық Сократ комитеті Европалық бизнес Ассамблеясының «The name in Science»премиясын иеленіп және 21-жүзжылдықтың «Әлемдік ғылымға қосқан зор үлесі үшін» медалімен марапатталған президенттерін оқу орны ерекше ықыласпен қарсы алды.
Жастарға сапалы білім, саналы тәрбие беруде өзіндік қолтаңбасы бар университет ұжымының жемісі бұл. Сондықтан болар, марапатқа ілтипат көрсеткендер қатары көп болды.

Сұлтанбек Бердібеков, тарих ғылымдарының кандидаты: «Адам мұншама жетістікке оңай жетпейді. Ол үшін көп жылдық еңбек керек. Ал біздің Әбекең сол еткен еңбегінің жемісін жейтіндей қызмет етті. Оған лайық. Мен ол кісіні мойындаймын, қандай құрмет көрсетсекте жарасады».

Қазақстан халықтар достығы университетінің негізін қалаушы, химия ғылымдарының докторы, профессор Әбдімұса Қуатбековтың шыққан шыңы биік. Халықаралық дәрежедегі марапатын университет ректоры үлкен құрметпен тапсырды.
Университет ұжымы дос­тық­­­ты нығайта отырып Қа­зақс­тан Рес­­публикасындағы түр­лі ұлт­тар мен ұлыстардың өкіл­де­рін қазақ халқының төңірегіне топ­­тастыру бағытында ерінбей ең­бек етіп келеді. Мұны шәкірттері де бағалайды.Белді университеттің бағындырар биігі мұнымен толастамасы ақиқат.

Мадина Ахмет,студент:«Өзінің парасаттылығымен кішіге үлгі болып жүрген президенттіміздің бұл жеңісі-біздің жеңіс. Бұл ол кісіні-ғалым ғана емес, ғасыр адамы деп танимыз».