Алматыдан келе жатқан екі жолаушы тасымалдайтын автобус Жамбыл облысы аумағында аударылды. Мұны ҚР ТЖМ хабарлайды.
Апат Алматы-Ташкент тасжолының 484-шақырымында сағат 06:30 орын алды. Шымкентке қарай келе жатқан бұл автобуста 2 жүргізуші және 31 жолаушы болған. SETRA көлігінің аударылғанынан 24 жастағы Өзбекстан азаматы алған жарақатынан сол жерде қаза болды. Сондай-ақ, Өзбекстанның тағы 2 азаматы Тараз ауруханасына жеткізілген.
Осы оқиғадан соң, бірнеше сағаттан кейін Алматы-Ташкент күре жолының 484 шақырымында ішінде 53 адамы бар VAN HOOL жолаушы тасымалдаушы автобусы аударылды. Салдарынан 1 азамат сол жерде мерт болып, тағы бесеуі Тараз ауруханасына жеткізілген.