Мыңдаған келі қызанақты бұқпа саудагер сыпырғы деп шекарадан өткізбек болған

331

Мыңдаған келі қызанақты бұқпа саудагер сыпырғы деп өткізбек болған.

Мыңдаған келі қызанақ пен анарды декларацияда»Үй шаруасының сыпырғысы» деп рәсімдеп контрабандалық жолмен өткізбек болған бұқпа саудагерді жүгімен бірге ОҚО КБД «Сарыағаш станциясы» кедендік бекетінің қызметкерлері ұстаған.

Жүк иесінің тауар құжатында 48 мың дана сыпырғыны әкетіп бара жатқаны жазылған. Бірақ, толтыра салынған жүкті тексеру барысында мың келі қызанақ пен анар табылған.

Өзбекстан азаматы қазақ жеріне заңсыз 9246 кг қызанақ пен 4301 кг анар өткізбек болған. Контрабандалық жүктің жалпы құны 3 миллион 630 мың 213 теңгені құраған.

Аталмыш фактілерге байланысты қылмыстық іс қозғалды. шешімді Сарыағаш аудандық соты шығарады.