Жерасты суынан «Бакалейторг» және «Ескі қала» аумағына қауіп төніп тұр

269

Шымкент қаласындағы жер асты суларын тартатын бекеттерді күтіп ұстау «Жасыл қала» МҚК құзырына берілді. Бүгінде қаладағы дренаждардың саны 29-ға жетті. Қала бюджетінен бөлінген қаражатқа 8 дренаж салынып, бесеуі қайта жөндеуден өткен.

Осыдан екі күн бұрын бұзақылардың әрекетінен  су сорғы істен шықты. Бірнеше минуттарда талқандалған оны қалпына келтіруге бірнеше күн керек. Соның салдарынан жер асты суын тартатын үш насос жұмыс істемей тұр. Дегенмен, мамандар биыл жер асты суының деңгейі жылдағыдан төмен дейді. Күз және көктем айларында қалада 11, 12 дренажды жүйе жұмыс жасаса, жазда оның 5-уі ғана қажет болады. Жер астынан тартылған су саябақтарды суғаруға пайдаланылады.

Қаладағы барлық дренажды жүйе сорғылары уақыт ырғағына қосылған, деп сендіреді мамандар. Су деңгейі 5 метрге көрерілген жағдайда қондырғы автоматты түрде іске қосылады. Әзірге жер асты суынан қауіпті аймақ «Бакалейторг» және «Ескі қала» аумағы болып тұр. Қаладағы барлық дренаждардың жұмысын реттеуге бюджеттен жыл сайын 40 млн. теңге жаратылады.

Биылғы жылы жер асты суының төмендегенін тұрғындар да растап отыр. Алайда, су деңгейі көтерілген жағдайда ағызылатын қашыртқы арықтар талапқа сай келмейді. Сондықтан, жауын-шашын бола қалғанда, қалалықтар су кешіп жүруге мәжбүр.