Құрсай елдімекенінде мал қалдықтары үйіндісі өртеніп, көмілді

269

Осыдан бір жеті бұрын Құрсай елдімекенінен шыға берістегі Айкөл бағытындағы жол жиегінде мал қалдықтарының үйіндісі жатқаны жайлы жазған болатынбыз. Осыған дейін тұрғындардың дабылына құлақ аспаған тиісті мекемелер шара көре бастапты.

Сайрам аудандық прокуратурасы учаскелік полицейлерге қалдықтарды тастаған азаматтарды құрықтауға тапсырма берген. Қазір мұнда кезекшілік жүргізілуде.

Данияр Сұлтанов, Сайрам ауданына қарасты Бадам ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы: «Сіздер келіп кеткеннен кейін, ертеңіне  аудандық санэпидемиологтар мен ветеринарлар  келді. Мал қалдықтары жиналып өртенді, сосын 1,5-2 метр тереңдіктегі шұңқырға көмілді. Үйінді болған жерлер залалсыздандырылды».