Арман Тракторист «Қайын ене» әніне бейнеклип түсірді

Өнер жолында «Тракторист» әнімен танылған әнші Арман Әлиев көптен бері сахнадан көрінбей кеткен болатын.

«Ұзақ уақыт шығармашылықтан қол үзіп қалғаным рас, бірақ менің бұл жұмыс жасамағаным емес, керісінше ізденіс үстінде жүргендігімді дәлелдейді. Бұрын соңды қайын ене жайында ешкім ән айтпағанын ескере отырып, барлығымыздың келіншектеріміздің аналары жайында жақсы бір туынды жасап шығарғым келді»,- дейді әнші.

Арман Әлиев, әнші: «Мен негізінде қашанда ізденіс үстінде жүргендіктен көп жерлерде боламын. Содан ақырында бұлай жүре бергенім болмас, менің ертең артымнан есімімді өшірмейтін нәрсе керек деп, ойлана келе театр ашуды жөн санадым».

Арман Әлиев әнші

Арманның айтып отырған «Біз» деп аталатын театры тек өнерлі жастардан құралды. Театр саңлақтарынан бата алып жұмысын бастап жіберген де. Ал жаңа «Қайын ене» жайындағы әнге түсірілген бейне клипке шамалы әзілді де араластырған.

«Өйткені, Арман «Тракторист» десе, халық бірден мені әзілді жаны құмар жан ретінде таниды. Егер сәтін салса, алдағы күндері жаңа әндеріме бейне клип түсіремін деген жоспардамын»,-дейді ол.

Арман Алиевтің шығармашылығындағы тағы бір жаңалығы ол басқада жас театрларға жетекшілік етуі. Ол қызметіне жастарға басты бағыт бағдар беру ақыл кеңесі кіреді. Қазірдің өзінде әнші жас театрларын жаңа бағдарламаларға дайындауда. Сәтін салса гастрольдік сапарларында бастап жіберулері ықтимал.