Емтихан қашан болады?

1705

Биылғы оқу жылының да аяқталуына аз уақыт қалды. Көпшілікті, әсіресе, тоқсандық қорытынды бағада 3-тіктері бар оқушыларды емтихан мәселесі мазалай бастаған. Ал, 9,11- сынып оқушылары қазірден-ақ емтиханға дайындық мәселесіне көшті. Сонымен, емтихан қашан болады?

9 сыныптың оқушылары үшін болатын міндетті емтихан күндері:

– 30 мамыр – қазақ тілі мен әдебиетінен (ұлттық мектептерде өз ана тілі бойынша) – диктант немесе шығарма (жазбаша) ;
– 2 маусым – Алгебрадан емтихан (жазбаша);
– 6 маусым – мемлекеттік тіл бойынша сынақ. (осы күні қазақ сыныптары орыс тілінен ауызша емтихан тапсырады).

11 сынып оқушылары (ҰБТ-ы тапсыруды қаламайтындар) үшін:

– 31 мамыр -мемлекеттік тіл бойынша сынақ;
– 4 маусым – ана тілі мен әдебиетінен жазбаша (диктант немесе шығарма);
– 8 маусым – Алгебрадан емтихан;
– 11 маусым – Қазақстан тарихынан емтихан.