Мерекелік бильбордтар іліне басталды

685
Қарабай Қалтаев, ҰОС-ның ардагері

Биыл ұлы жеңіске-67 жыл толады. Әдеттегідей атаулы мереке қарсаңында қаланың орталық көшелеріне бүгіннен бастап, мерекелік баннерлер іліне бастайды. Дайындығын осыдан бір ай бұрын бастап кеткен, қалалық ішкі саясат бөлімі биыл 40-тан астам баннерлер мен кернеулер ілінеді деп отыр.

Ертеңнен бастап, қала көшелерінен ұлы жеңіс мерекесіне арналған кернеулер мен баннерлерді кездестіре бастайсыз. Биыл ұлы отан соғысының батырлары бастаған тақырыптық бильвордтар көп болатын көрінеді. Сонымен бірге, Шымкент қаласындағы ұлы отан соғысы мен тыл ардагерлерінің суреттері көпшіліктің назарына ұсынылмақ.

Қанат Қалыбеков, қалалық ішкі саясат бөлім бастығының орынбасары: «Бүгінгі таңда 6 керме және тақырыптық 34 бильбордтың зскиізі дайындалып, мақұлданды. Енді оларды ілу жұмыстарын ертеннен бастаймақпыз. Қалалық ішкі саясат бөлімі атаулы мерекені өз нақышында атап өтуге дайын деп ойлаймын.»

Өз жұмыстарын осыдан бір ай бұрын бастаған ішкі саясат бөлімі, ардагер аталарды жинап, суретке түсіруде, ардагерлер кеңесі көптеп көмектесті деп отыр.

Қанат Қалыбеков, қалалық ішкі саясат бөлім бастығының орынбасары:«Біз ардагер аталарды бір күнде, мына сағатта кел деп жинамадық. Келген-келген бойда суретке түсіріп, алып қалдық. Келмегендерін қайта-қайта телефон соғып жүріп, шақыртып алдық. Қалалық ардагерлер кеңесіне мың рахмет.»

Мерекелік баннерлердің бірінде-Даңқ орденінің үш дүркін иегері атанған, Ұлы отан соғысының батыры-Қарабай Қалтаев та бар. Елі үшін аянбаған қазіргі полковниктің жасы тоқсанды алқымдап қалыпты. Денсаулығы да сыр берген. 13 немере, 5-шөберенің атасы Қарабай батыр тұйық мінезді болғанымен, елінің патриоты дейді немересінің бірі-Жандос Қалтаев.

Жандос Қалтаев, батыр Қарабай Қалтаевтың немересі: «Біз атамызды құрметтейміз. Ерлігіне мәңгілк тағызым етеміз. Атамыз ешқашан, ештеңені мақтанып айтқан емес, керек десеңіз соғыс туралы да аз айтатын. Қарапайым, кіші пейіл жан. Біздің әулет үшін 9-мамыр үлкен той. Бәріміз қарашаңыраққа жиналып, атамызды құттықтаймыз. Ендігі тілек, атамыздың жасы ұзақ болып, дені сау болсын!»

Ардагерлерге қандай құрмет көрсетсекте жарасады. Олардың ерлігі ел есінде.