Шымкенттіктер Чернобыльдегі апатты залалсыздандырған азаматтарды еске алды

641

Осыдан 26 жыл бұрын дәл осы күні Украинада Чернобыль атом электр стансасында адамзат тарихында ірі атомдық апат болды. Бұл жағдай қаншама адамға зиынын тигізді. Олардың арасында Қазақстандықтар да бар. Бүгін Чернобыльдегі апатты залалсыздандыруға ат салысқан азаматтарды еске алуға арналған митинг өтті.

Сол уақытта Кеңес Одағының құрамына кіретін Қазақстан азаматтары да осы апатты жою үшін Чернобыльға аттанған болатын. Біздің облысқа 900 азамат шақырылды. Оның 460-ы түрлі аурудан қайтыс болып, қазіргі таңда небәрі 540-ы тірі қалды. Залалсыздандыру апатына қатысқандардың көзі тірісінің 80 пайызы 2,3 топтағы мүгедектер болып табылады.

Елбасымыздың 1995 жылғы жарлығында Чернобыль апаты ардагерлері Ұлы отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген деп айтылған. Қазіргі таңда жылына бір рет тегін емделуге,санаторий, демалыс орындарына денсаулығын реттеуге жағдайлар жасалған. Алайда, Чернобыль ардагерлері үкімет тарапынан көрсетіліп жатқан әлеуметтік көмектер дегенмен жеткіліксіз екендігін алға тартуда.

Ал кейінгі жастар аға буын өкілдерінің есімі мен ерлігін ұмытпауымыз керек.