Чернобыль құрбандарын еске алды

738

Чернобыль атом электр станциясында болған апатқа биыл – 32 жыл. Арада бірнеше жыл өтсе де оқиға жаңғырығы естен, ондағы қасірет көңілден кетер емес. Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бүгін Оңтүстік Қазақстан индустриалды құрылыс коледжінің студенттері апатты жоюға қатысқан ардагерлермен кездесті.

Олар сол жылдардағы естеліктерімен бөлісіп, әңгімелер өрбітті. Тарихқа зер салсақ, Чернобыль апатының зардабын жоюға елімізден 32 мың адам қатысқан. Олардың негізгі бөлігі әскери борышын өтеп жүргендер болды.

 

 

 

 

Жер жаһанды дүр сілкіндірген апат 10-нан аса елдің 145 мың шаршы метр жерін ластады. Радиоактивті түтіннің салдарынан, 100 мыңға жуық адам мерт болып, қатысқандардың 80 пайызының денсаулығы сыр берген.