Тасқын судан зардап шеккендерге сотталғандар көмектесті

Су тасқынынан зардап шеккен Темірландықтарға көмек көрсетуге 167/10 түзету мекемесінде бостандыққа шығуына аз уақыт қалған сотталушылар да көмектесуде. Жазасын өтеп жатқандар тілсіз жау келтірген зардаптың орнын қалпына келтіруге өз еріктерімен келіскен.

Ұзын қоршау, кіре берістегі полиция қызметкерлері мен мекеме аты белгіленген тақтайша болмағанда, бұл қоныстың жазасын өтеп жатқандарға арналғаны білінбес пе еді. Қамаудан аз ғана уақыттан соң шығатын азаматтар Ордабасылықтарға көмектесуге келіпті.

Бесжанов Берік, 167/10 ТМ бастығының тәрбие жөніндегі орынбасары: «Облыс әкіміне жазбаша түрде өтініш жаздық. Ішкі саясат басқармасымен бірге рұқсат берді. 30 азаматты апара жатырмыз».

Мұндай акция өңірімізде алғаш рет өткізіліп отыр. Сотталғандар Ордабасы ауданының орталығына бір күнге барып, аймақты тазалауға көмектеседі. Жергілікті тұрғындарға қандай да көмек қажет. Ал жазасын өтеушілердің бұл ісі ерікті. Көмек қолын созғандардың арасында Қайрат Нұржігітов те бар. Оның бостандыққа шығуына 1 жыл уақыт қалды.

Қайрат Нұржігітов: «Теледидар арқылы Ордабасылықтардың қиналғанын көріп отырмыз. Көмектескіміз келді. әрине, ерікті түрде. Өз қалауымыз».

Қоныс колонияның ерекшелігі- белгіленген ережеге жүгіну. Олар орналасқан мекен полиция қызметкерлерінің қатаң бақылауында. Тіпті көмектің өзі-әкімшілік тарапынан қол қою арқылы жүзеге асқан. Яғни, зорлықсыз, ерікті түрде жүргізілуде. Десе де, көмегін ұсынғандар қатары сиреген жоқ. бастығының тәрбие жөніндегі орынбасары: «Облыс әкіміне жазбаша өтініш білдірдік. Ішкі саясат басқармасымен бірге рұқсат беріп, 30 адамды апара жатырмыз».

Мұндай акция өңірімізде алғаш рет өткізіліп отыр. Сотталғандар Ордабасы ауданының орталығына бір күнге барып, аймақты тазалауға көмектеседі. Жергілікті тұрғындарға қандай да көмек қажет. Ал жазасын өтеушілердің бұл ісі ерікті. Көмек қолын созғандардың арасында Асемхан  те бар. Оның бостандыққа шығуына 1 жыл уақыт қалды.

Асемхан: «Теледидар арқылы Ордабасылықтардың қиналып жатқанын көріп жатырмыз. Көмектессек деген едік. Әрине, бұл өз қалауымыз».

Қоныс колонияның ерекшелігі- белгіленген ережеге жүгіну. Олар орналасқан мекен полиция қызметкерлерінің қатаң бақылауында. Тіпті көмектің өзі-әкімшілік тарапынан қол қою арқылы жүзеге асқан. Яғни, зорлықсыз, ерікті түрде жүргізілуде. Десе де, көмегін ұсынғандар қатары сиреген жоқ.