Жарықтың бағасы тағы өсті

235

Электр энергиясын өндіруді мадернизациялау мақсатында ҚР үкімітінің 2009 жылы 25-қазанда шыққан қаулысына сәйкес, 1-сәуірден бастап жарықтың бағасы кезекті рет көтерілді. Бағдарлама 7 жылға есептелген. Енді жеке тұлғалар 11 теңге 33 тиынның орнына 12 теңге 11 тиын төлейтін болады.

Жарық берушілердің арасындағы құны ең қымбаты «Жамбыл ГЭС».  7 теңге 90 тиын. Екінші орында 6 теңге 50 тиынмен «Экібастұз» станциясы тұр. Біздің «3 жылуэнерго орталығы» 6 теңге 30 тиынмен босатуда. Ең төменгі баға «Шардара ГЭС» болды. Онда 3 теңге 63 тиын.

Монополияны реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің мамандары электр энергиясын таратушылар өзгерген бағана қатаң сақталуын қадағалайтын болады.