Демалыста 2 азамат суға батып кетті

456

Өткен демалыс күндері еліміз бойынша 6 адам суға батып кетіп, өмірімен қош айтысты.

Оның екеуі ОҚО-ның тұрғындары. 26-шы мамыр күні Шардара су қоймасынан 8 шақырым жердегі Қызылқұм каналына 19 жастағы бозбала батып кеткен.

Осы күні Жалаңтас ауылындағы Сырдария өзенінде шомылып жүрген 28 жастағы ер кісіде тілсіз жаудың құрбаны болды. Оның мәйітін ОҚО ТЖД-нің судан құтқару мамандары 27 мамыр күні оның денесін шығарып алды.