Мақтаралдық санитар-эпидемиологтар құқық бұзды

280

4-мамырда ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ОҚО Тәртіптік кеңесінің мәжілісі өтті. ОҚО әділет департаментінің бастығы Ерлан Дауылбаев әділет департаментінде және оның қалалық, аудандық басқармаларында мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы  заңдылықтарының, ҚР мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексі талаптарының сақталуына жүргізілген тескеру қорытындысы бойынша орын алған құқық бұзушылқтар туралы баяндама жасады.

Сондай-ақ Тәртіптік кеңесте Мақтарал ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы бастығының орынбасары Әшірхан Сүртеков, осы басқарманың бас маманы  О.Маханбетовке және осы басқарма бастығы Серік Серікбаевқа қатысты тәртіптік іс қозғауға төмендегі деректер негіз болған. Облыстық қаржы полициясының қылмыстық істі қозғаудан бас тарту қаулысының негізінде Мақтарал аудандық  МСЭҚБ бастығының орынбасары Әшірхан Сүртеков және осы Басқарманың бас маманы О. Маханбетовтың үстерінен тәртіптік істер қозғалып, тексерілді.

Сүртеков пен Маханбетов  Атакент емханасының «Жамбыл» және «Абай» дәрігерлік амбулаторларын негізсіз тексеріп, тексеру болатындығы туралы алдын-ала ескертпей, аталған медицина ұйымдарының қызметіне заңсыз араласып,  ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңының 12 бабы бойынша сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылық жасаған. Ал Серік Серікбаев бағыныстағы қызметшілерінің іс-әрекеттеріне тиісті бақылау жасамағандығы салдарынан Сүртеков пен Маханбетовтер  заңсыз әрекеттерге барғандығы анықталды. Кеңес мүшелерінің шешімі –  бұл азаматтар өз қызметтеріне лайық емес. Олардың тағдыры енді облыстық мемл. санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінде шешіледі.

Халық алдында есеп беру жиыны барысында Мақтарал ауылдық округінің әкімі Мамутов Д. – тапсырмасы бойынша полиция қызметкерлері «жиналыстың регламенті сақталсын» деп ұсыныс жасаған.  Атакент ауылының тұрғыны Ирсаев К.-ны  мәжіліс залынан шығарған. Осы әрекеті үшін  Мамутов тәртіптік Кеңесте  сөгіс  алды. Кеңес мүшелері  әкім   енді сын ескертпелерге  құлақ асады деп сенеді.