Жылуды тұтынудың жаңа ережелері

233

Қала әкімінің алғашқы алқа мәжілісінде алдымен жылу беру мәселесі қаралды. Былтыр жылуға қатысты тұрғындар тарапынан 4589 шағым түскен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 408-ге артық. Жылу беру мерзімі басталысымен-ақ құбырлар жарылып, апатты джағдайлар орын алғаны жасырын емес. Әсіресе, қараша айында шағымдар қардай бораған.

Бейсенбек Жанбосынов, Шымкент қалалық тұрығн үй крммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары бөлімінің бастығы: «Осы мерзім аралығында 47 рет жылу беру тоқтатылды. Жылу берудің мерзімі 12-ші қарашадан 16-қарашаға дейін шегеруге тура келді. Дәл сол уақыт аралығында тұрғындардың да шағымы көбейіп кеткені рас».

Биылғы қыс қаланың жауапты мекемелерінің жұмысына баға беріп кеткендей. Коммуналшыларға тұрғындардың өкпесін қара қазан еткен жағдай да жетерлік. Қатты аяз, көкмұзымен тиісті орындардың жылу мерзіміне дайындық деңгейін дәлелдеп берген биылғы қыста шымқалалықтар біршама қиналғаны рас.

Өмірзақ Мелдеханов, «НұрОтан» ХДП Шымкент қалалық филиалының төрағасы: «Жұрттың бәрі қыстан қиналған шақта көгілдір отынды, электр жарығын пайдалануды күрт көбейтіп  жібереді. Қысым да азайып, елдің не жылуға, не көгілдір отынға жарымай , жаурап, қиналғаны жасарын емес. Газ тасымалдаушылар бұл салаға инвестиция тартып-ақ жатыр. Бірақ газ құбырларынын арасына екі құбыр тығып жіберіп, көз жұмбайлыққа салып жібергенін білеміз. Ол ертеңгі күні елдің қауіпсіздігі үшін алаңдарлық жайт»- деді.

Қаладағы көпқабатты тұрғынүйдің 53 пайызы қысқа дайындық жұмыстарын өз бетінше жүргізеді. Жылу мерзімінде апатты жағдайлардың басым бөлігі дәл осы үйлерде орын алған. шымкент қаласының жаңа әкімі биылдан бастап көпқабатты үйлердегі жылу мерзіміне дайындық жұмысы бір мекемеге жүктелетіндігін айтты. Тұрғындарды жылумен сапалы қамтамасыз етіп, апатты жағдайларды болдырмау үшін жылу беру қызметін бір қолға беру керек деген ұсыныс та айтылды жиында.

Ал 2012-2013 жылға жылу маусымына дайындық жұмыстары басталып кетті деп мәлімдеді бөлім бастығы Бейсенбек Керімбекұлы. Қала әкімдігінің алқа мәжілісіндегі қаралған келесі мәселе-төтенше жағдайлардың алдын-алу. Көктем, күз айларында қаладағы ирригациялық жүйелердің сын көтермейтін жағдайы салдарынан ауласынан көлшік су кетпейтін көшелер бар. Әсіресе, қала аумағына қосылған жаңа елдімекендерде осы жағдай ақсап тұр деді төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма басшысы.  Тағы бір мәселе, облыс әкімінің берген 4 бірдей тапсырмасын қала әкімдіктегілер орындамаған. Әсірсе, Ордабасы алаңындағы аялдамаға қатысты тапсырманы жыл асырып орындамаған қалалық жер қатынасы бөліміндегілердің айтар уәжі болмады.