Тойға барып ұшынғандардың саны 90-ға жетті

292

Мереке күндері Қазығұрт ауданындағы «Медеу ата» тойханасында өткен тойда астан ұшынғандардың саны 90-ға жетті. 18 адам ауруханаға жатудан бас тартқан.

СЭС-мамандары мұнда жұмысын жалғастыруда. Жергілікті аурухана дәрігерлерінің айтуынша науқастардың жағдайы жеңіл, кейбірінің халі орташа. Ал олардың туыстарының мәлімдеуінше астан ұшынған ағайындарының жағдайы ауыр көрінеді.

Тойға қонақтар Сарыағаш, Түлкібас және Төле би аудандарынан келген.