Тойханада еттен ұшынған науқастардың алды ауруханадан шықты

345

Тойханада еттен ұшынған науқастардың 50-і ауруханадан шықты. Бүгінгі таңда өзгелерінің халі (40 азамат) қалыпты деп мәлімдеп отыр дәрігерлер. Олар ақ халаттылардың бақылауында.

Еске сала кетейік, Қазығұрт ауданындағы тойханада астан 94 адам ұшынған болатын. Санитар дәрігелер еттің дұрыс сақталмауы ұшынуға әкелген деген болатын.

Бүгінгі таңда қауіпті инфекцияны анықтау мақсатында етті мамандар зертханада сараптамадан өткізуде.