Úı Sport Жазира Жаппарақұл Гватемаланы бетке алды

Жазира Жаппарақұл Гватемаланы бетке алды

Бұл күндері Гватемаланың Антигуа қаласында ауыр атлетикадан 20 жасқа дейінгі жастар арасында әлем чемпионаты қыза түсуде. Осы сында Қазақстан спортшылары да жүлдеге таласып көрмек.

Бапкерлер кеңесі басты үмітті Оңтүстіктің өрімдей ауыр атлеті Жазира Жаппарқұлға артып отыр. 69 келіде ел намысын қорғайтын бірінші жасөспірімдердің жазғы Олимпиадасының чемпионы бүгін өз шеберлігін әлемге паш етпек.

10-мамыр күні жалауы көтерілген дүниежүзілік додада 52 елден 440 атлет бақ сынуда.