Дипломы бар жастар жұмыспен қамтылды

454
Жастар жұмыспен қамтылуда

Жастар тәжірибесі. Бұл қолына диплом алып, жоғары оқу орнын тәмамдап шыққан, жас маманның алғашқы баспалдағы. Биылғы бітірушілерге арналып арнайы жәрмеңке ұйымдастырылды. Мұндағы мақсат-жастарға бағыт беру дейді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім бастығының орынбасары.

Мақсат Жолдасбеков, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бастығының орынбасары: «Дипломы бар, жастар арасындағы жұмыссыздықты жою мақсатында ұйымдастырып отырмыз бұл жәрмеңкені. Жастар да қызуғада. Бұл олардың алғашқы баспалдығы. Алдағы уақытта да бос жұмыс орындарымен дипломы бар жастарды қамтып отырамыз».

Бибігүл Елікбаева есепші мамандығы бойынша жұмыс іздеп, құжаттарын тапсырды. Дипломы бар жастардың жұмыссыз қалмауы үшін қамданып жатқан, алдыңғы толқын ағаларына дән риза.

Бибігүл Елікбаева, бітіруші түлек: «Елбасымыз жастарға барлық жағдайды жасап отыр. Қолымызға диплом алып, қайда барарымызды білмей отырмаймыз. Келіп, құжаттарымды тапсырдым. Қазір жұмыс берушілердің ұсынған бос жұмыс орындарымен танысып тұрмын».

Бүгін жоғары оқу орындарының 1884 түлектері «Жастар практикасы» бойынша бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты. 200-ден астам ұйымдар мен мекемелер 2 мыңнан аса жұмыс орнын ұсынды. Айта кетейік, бұған дейін 249 түлек қаланың 34 мекемелеріне жолданған болатын.