Шардара азаматы кісі өлтіргені үшін 7 жылға сотталды

199

Ауданаралық мамандандырылған қылмыстық сотта Шардаралық 49 жастағы тұрғынның үстінен сотқа нүкте қойылды.

Айыпталушыға кісі өлтіруге әрекет жасаған деген айып тағылған болатын. Тергеушілердің мәліметінше, үстіміздегі жылдың наурыз айында айыпталушы өзінің танысымен бірге спирттік ішімдік ішіп отырып, туындаған ұрыс-керістің салдарынан бөтелкелесін төрт рет балтаман ұрған.

Құдай сақтағанда, жәбірленуші аман қалды. Бір айта кетерлігі, сот барысында жәбірленуші келіп, өзін балтамен ұрған кісіні кешіргенін айтыпты.

Осыны ескерген сот айыпталушыны 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.