Шымкенттік зілтемірші Арли Чонтей Лондонда бақ сынайды

Лондонда сайысқа түсетін еліміздің зілтеміршілері сұрыпталды. Талдықорғандағы ел чемпионатына азулы ауыр атлеттердің бәрі жиналып, олимпиада жолдамасына таласты. Ерлер бар-жоғы 4 жолдамаға таласса, әйелдер де 4 лицензияны сарапқа салды.

Ерлер арасында Илья Ильин, Алмас Өтешовтің шеберлігі бапкерлердің көңілінен шығып, енді қызылордалық екі спортшы Лондонға алаңсыз дайындалады. Осы сында жанкүйерлер тосын сыйға куә болды.

Қытайдан алдырған жеңіл салмақтағы Арли Чонтен мен Фархад Харки де жолдамаға иелік етті. Ал әлемге танымал зілтеміршілер Зүльфия Чиншанло, Мая Манеза, Светлана Подобедова және Анна Нұрмұхамбетова ұлы дүрмекте ел намысын қорғайды. Айта кетейік, 56 келідегі Арли Чонтей Оңтүстіктің атынан сынға түседі.