Гауһар тасты әшекей бұйымдарды заңсыз тасымалдаған әйел ұсталды. 38 жастағы күдікті «Әуежай-Шымкент» кеден бекетінде «Стамбұл-Шымкент» бағытымен ұшып келген әуе рейсін бақылау барысында қолға түсті. Азаматшаның жейдесіндегі корсеттің астына жасырылған 2 қапшықтағы бұйымның жалпы салмағы 278 грамды құрайды.
Қалташаның ішіндегі әшекей тастар оралған сары түсті металдан жасалған 28 жиынтықтың әрбірінде 1 жұп сырғамен сақинадан бар болып шыққан. Одан бөлек, тағы бір сақина табылды. Бұл бұйымдар жайлы азаматша кеден органдарының қызметкерлерін хабардар етпеген. Әшекей бұйымдарға сараптама жасау барасында олардың гаухар тасты екендігі анықталды. Аталмыш факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Баян Жармұхамбетова, ОҚО КБД баспасөз жетекшісі: «Кедендік бақылаудан өту барысында күдікті аса қобалжып, белгілі-бір іс-қимылдар жасады. Ол іс-қимылдардың мәнісін біздің Кеден бекеттерінің мамандары әрқашан да біледі. Психологиялық дайындықтан өткен».
Журналистермен болған баспасөз мәслихатында Сарыағаш станциясында Қырғыстанға бағыт алған контейнерді тексеру барысында араб тілінде жазылған діни кітаптардың табылғып, бейнекамерлар мен дыбыс жазу құралдарының тәркіленгендігі де сөз болды. Жүкте оны тасымалдауға ешқандай құжаттың болмағаны анықталғандықтан күдік туғызған.
Еркебұлан Дауылбаев, ОҚО КБД контрабандамен күрес бөлімінің бастығы: «Біріккен Араб Әмірліктерінен Қырғызстан Республикасына Қазақстан Республикасының аумағынан транзиттік жүйеде кетіп бара жатқан контейнер болатын. Контейнерді тексеру-қарау барысында Кедендік декларацияда көрсетілмеген 2051 дана араб тілінде жазылған кітаптар алынды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде».