Шымкентте Астана күні тойлануда

678
Жастар Астана күнін тойлауды бүгіннен бастап кетті

Шымқаламызда Астана күнін тойлау басталып кетті. Бүгін «Жастар орталығы» ғимаратының алдындағы алаңда жоғарғы оқу орны студенттері арасында қылқаламмен сурет салу конкурсы өтті. «Есірткісіз болашақ» деп аталатын байқау еліміздің ертеңі есіртікісіз, дені сау ұрпақпен жалғасады деген мазмұнда болды дейді ұйымдастырушылар. Үміткерлерге 1 сағат көлемінде уақыт берілді. Осы уақыт ішінде өнер иесі суретті салып бітіруі тиіс болды.

Жастар уақытты тиімді пайдаланып, суреттерді талаптарға сай етіп салып беру керек деген шарт қойылды. Нәтижесінде облысымызда тұңғыш рет өткен конкурстың бас жүлдесі Ә.Қастеев атындағы көркемсурет колледжінің жастарына бұйырды. Маңызы мол шара келесі жылы Астана күнінде жалғасын табады деп күтілуде.

Пернебекова Ақмарал, қазылар алқасының төрайымы: «Қатысып, белсенділік танытып отырған жастардың талантына тәнті болудамын. Ия, расында да олар – нағыз таланттар! Елінің ертеңі болатын жастарға қарап сүйсініп отырғанымды жасырмаймын. Кескіндерінің өзі терең мағынаға толы. Дайын болған суреттерінің өзі әрбір азаматты патриоттыққа, ауызбіршілікке, ең бастысы салауатты өмір сүруге шақырады. Сондықтан, мен бұл байқауға қатысып, өз қолтаңбасын қалдырып отырған үміткерлердің барлығы да жеңімпаз дер едім. Десе де байқаудың аты – байқау. Сондықтан, қаламыздағы Әбілхан Қастеев атындағы көркемсурет колледжінің студентеріне бірінші орынды беруді шештік. Тағы дай айтып өтейін, мұнда келіп мерекелік көңілін айтып, елдегі хал ахуалды жастар көзімен көріп, ойын қылқалам арқылы білдірген жастарға алғысымыз шексіз! Олар – бүгінгі байқаудың жеңімпаздары! Мұны біз мойындаймыз!»

Сардар Молдабеков, облыстық «Жастар орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің талантты жастарды қолдау бөлімінің бастығы: «Бұл байқау арқылы біз жастарды елді және жерді сүюге шақырудамыз. Сондай-ақ діттеген мақсатымыз да осы – Астананың гүлденуіне, Қазақстанның өрлеуіне жастардың есірткісіз жол тартқанын қалаймыз. Сондықтан, мұнда таланты жастардың басын қосып, қылқаламның құдіреті арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыруға үгіттеп, Астана мерекесіне тарту жасаудамыз. Бүгін жиналып отырған жастардың белсенділігінің өзі – жастар қауымының ел ертеңіне бей-жай қалдырмайтынын көрсетсе керек».

Шураева Айдана, студент: «Мен мұнда Астана күніне арнап сый жасау үшін келдім. Сол себепті де «Дені саудың – жаны сау» деген

«Есірткіге қарсымыз» бейнесуреті осылай бейнеленді

тақырыпты таңдап, замандастарымды жаман әрекеттерден бойларын аулақ ұстауға шақыратын бейнелер салдым. Қазылар алқасы да жақсы бағалады. Ең бастысы, мен мұнда жеңіс үшін емес, өзім қатарлы жастарды есірткіге қарсы қою үшін келдім. Сондай-ақ менің осы бір туындымды тамашалаған кез келген адам сол аты суық дүниеге шошына қарағанын қалаймын».

Рахматулла Гүлдана, студент: «Астана күніне арналған сайыс өтеді, – деп хабарлама келгеннен қобалжыдым. Әрине, сурет салу маған қиындық туғызбайды. Тек Астана мен есірткіні қалай байланыстырып бейнелеймін деп ойландым. Ойланып-толғанып, қиялымнан қызықты бір бейне салдым қазір. Әрине, ащы шындықты көрсеттім бейнеде. Сондықтан болар, біздің колледж студенттері үздік деп табылып отыр».