Қалалық әкімдіктегі ауыс-түйіс

354

Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі Бақытжан Әшірбеков, облыс әкімінің өкімімен  Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Б.Әшірбеков 1966 жылы туылған. Екі жоғары білімі бар, мамандығы – педагог және заңгер. Ол еңбек жолын Өзбекстанның Жызақ облысында жұмысшы болып бастаған.

1987 жылдан бері Шымкент пресс-автомат зауытында жұмысшы болып істеген.

Ал 1993 жылдан әкімдік аппараттарында түрлі қызметте болып, облыс әкімінің бас инспекторы  қызметін де атқарған.

Осы күнге дейін Бақытжан Әшірбеков  Еңбекші ауданының әкімі болған еді.