«Қошқар ата» өзенінің жағалауындағы үйлер бұзылады

373
Өзен

Киелі «Қошқар ата» өзенінің жағалауын абатандырып, қорғалу аймағын ашу жұмыстары басталатын болды. Бүгін қалалық жер қатынастары бөлімінің мамандары мемлекет қажетілігі үшін қайтарылатын жер телімдерінің құжатарын тексеруді бастады. Егжей-тегжей жасалған жобаға сәйкес өзен жағалауындағы 158 үй бұзылатын болады.

Өзен жағасында суға түсіп салқындап, тәніне шипа іздегендер баршылық. Мұнда жиналғандар өзеннің бұлақтан бастау алатынын жақсы біледі. Өкініштісі сол – бастаудың көзін ашып, күл-қоқыстан тазарту ешкім ойына кіріп-шықпайтындай. Енді өзенді қорғау аймағына салынған нысандар түгелдей бұзылады. Қала әкімінің осындай арнайы қаулысы шықты.

Бұзылатын 158 үйдің 20 ғана қала әкімінің қаулысымен берілген. Ал өзгелері мүлікті жариялауға жасалған рақымшылдық кезінде заңдастырылыпты. Тіпті, заңсыз салынғандары да табылды. Бұл – айта-айта жауыр болып, енді қолға алынғалы тұрған бастаманың алғашқы кезеңі. Бастаудың көзінен «Ордабасы» алаңына дейінгі аралықта тиісті жұмыс жүргізіледі. Ал екінші кезеңде өзен жағалауы толық қамтылады деп күтілуде.

http://www.youtube.com/watch?v=Pst5lUgHCDY