Ата-ана, балаңыз шатырда жүрген жоқ па?

5 қабатты үйдің шатырында велосипедпен сырғанаған
5 қабатты үйдің шатырында велосипедпен сырғанаған

Көп қабатты тұрғын үйдің шатырында Шымкенттік ұландар велосипедпен сырғанады. Ата-аналардың бақылауынсыз қалған балалар 5-ші қабатқа көтеріліп, өздерінің батылдықтарын сынамақ болған. Балалардың бұл әрекетін байқаған көршілері бірден суретке түсіріп, «Отырар» телеарнасының сайтына жіберіпті. Көрген жұртты шындығында да шошытады бұл кадрлер. 15 метр биіктікте велосипедпен орғыған үш бала осылайша біраз жұртты дүрліктірді.

Бұл үйдің шатыры бірнеше жылдан бері мүлде жөндеу көрмеген екен. Сәл ауыр салмақ түссе опырылғалы тұр. Жоғарыға көтерілгенде біз кішкентай экстремалдың бірін кездестірдік.

Ол өзінің экстремальды қызығушылығын қауіпті деп санамайды

Ғалым Сабырходжаев өзінің достарын іздеп шығыпты. Енді олар бұл әрекеттерін доғарып, өздеріңнің сүйікті істерімен айналыспақ. Яғни, шатырда кептер өсіргісі келеді екен. «Біз шатырда енді кептер өсірсек дейміз. Бұған дейін тек велосипед тепкенбіз. Одан бөлек ағашқа өрмелегенді ұнатамыз. Қорқынышты ешнәрсе болған жоқ қой» – дейді. Ойын баласының ойында түк жоқ. мандығына алаңдап жүрген ата-анасы емес, көршілері болып шықты.

Аты-жөнін айтудан бас тартқан көршісі «Абырой болғанда балалардың ессіз әрекеттерін көріп қалдық. Әйтпесе ойын соңы немен тынары белгісіз еді. Жазым аяқ астында ғой. Қанша жұмыс басты болса да, ата-ана баласының немен айналысып жүргендеріне бір сәт көңіл бөлулері керек» дейді жанұшыра.

Ал балалар болса өздерінің экстремальды қызығушылығын қауіпті деп санамайды. Сондықтан олардың бұндай әрекеттерін тағы да қайталамасына кім кепіл? Көп қабатты үйдің тұрғындарын бұл мәселеден гөрі жөндеу көрмеген шатырдың жағдайы көбірек алаңдататын сияқты. Олар қалталарынан қаржы шығарып жөндеу жұмыстарын жүргізуге қарсылықтарын білдіріп отыр. Негізі заң бойынша мұндай мәселеге тұрғындар өздері жауапты. Осы айдан бастап келісім-шартқа отырмаса, әкімдіктің қарамағындағы тұрғын үй инспекциясы жұмысын атқарады. Десе де бұл бөлімнің мамандары мұндай экстремал балалардың әрекеттерін тия алмасы анық. Түйіндесек, балаңыздың тәртібіне көңіл бөліп қойыңыз, жүгенсіз кетіп жүрмесін!