«Достықтағы» ағайын араша сұрайды

248
Достықтықтар араша сұрайды

«Достық» тағы да дауға қалды. Мұндағы мүгедектер мен жағдайы төмен отбасылар үйді босат деген ескерту алды.Еске сала кетейік, осыдан бірнеше жыл бұрын «Достық» шағынауданы жергілікті кәсіпкерлердің қаржысына тұрғызылып, жағдайы төмен отбасылар мен мүгедектерге және балалар үйінің түлектеріне үлестірілген болатын. Содан кейін «ЛТД-Тұрмыс» мекемесінің меншігіне өткен. Ал енді достықтардың үйді босатуға бес-ақ күні қалды.

Ескерту қағазы тұрғындардың есін шығарды. 60 отбасы баспасыз көшеде қалмақ. Тұрғындарды үйінен айыруға «ЛТД-Тұрмыс» мемлекеттік коммуналдық мекемесі бел буа кіріскен. Дәл осы мекеме үйлердің иесі болып табылады екен.Суыт хабарды естіген Әмір Тлеукеевтің отбасынан береке қашқан. Түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айрылған 3-топ мүгедегі қайда барарын білмейді.

Әмір Тлеукеев, «Достық» шағынауданының тұрғыны:»Бізді тағдыр о бастан аямады. Не көрдік мына өмірден. Дүнеге сал болып келдік, енді ғана мемлкет қол ұшын беріп, отбасылы, бала-шағалы болғанымда үйді босат дегені жаным ауыртты. Кімнен барып, көмек сұраймын?»

«ЛТД-Тұрмыстың» да өзіндік есебі бар. Достық шағынаудан комендантының айтуынша, бұл басшылардың тікелей тапсырмасымен жасалып жатқан жұмыс.

Сламқұл Сүлейменов, комендант:»Қала әкімінің тікелей тапсырмасымен достықтағы әрбір үй тексерілді. Арнайы комиссия құрып, 12 күн бойы тексеру жұмыстары жүргізілді. Ондағы үйлердің жартысынан көбінде квартиранттар тұратын болып шықты. Яғни олар, келісім-шартта көрсетілген қағидаларды бұзып отыр».

Одан өзге үйлердің тұрғындары үшін, даулығатын себеп жоқ. Ескерту қателікпен жіберіліпті. Бұл үшін кешірім де сұрап үлгерген мемлекеттік мекеме. Оған қарамастан, қарапайым тұрғын оларға сенбей, уайым кешуде. Өйткені оларды жекешелендіру мәселсіде жегідей жейді.

Гүлзамира,»Достық»шағынауданының тұрғыны:»Халыққа үйді қалай болса, солай жекешелендіріп бергенше біз сенбейміз. Қорқынышпен өмір сүріп келе жатырмыз. Қашанғы жалтақтаймыз өзгелерге? Үйді әкімшілік емес, жеке кәсіпкерлер салып берген бізге. Жыл сайын салығын төлеп келеміз».

Халықтың бұл өтінішін «ЛТД-Тұрмыс» орындай алмайтынын ашық айтты.

Сламқұл Сүлейменов, комендант:»Біз үйлерін жалға бергендерді сотқа беріп отырмыз. Әділдігін сот айтсын. Ал үйді жекеменшікке аудару мүмкін емес. Ол біздің балансымызда. Сондықтан иесі біз болып табыламыз».

Осылайша, үйді жекешелендіру мәселесі шешілмей тағы қалды. Ал ережені бұзған азаматтардың ісі сотта қаралмақ. Оның шешімі бірден 25 үй иесінің тағдырын шешеді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=O6AyJJPOt_E[/youtube]