Кәсіптік білімге жаңа серпіліс қажет

367

Кәсіптік білімге жаңа серпіліс қажет. Бүгін оңтүстікқазақстандық арнаулы орта оқу орындарының басшылары экономика және құқық колледжіне жиналды. Жыл сайын өткізілетін конференцияда білім министрлігінің техникалық және кәсіби білім беру департаментінің бастығы Қадірбек Бөрібаев қатысып, осы көрсеткішке жетудің жолдары жайында талқылады.

Экономика және құқық колледжінің ұстаздары биылғы тамыз конференциясы ерекше қарқынмен өтті дейді. Жаңа оқу жылы орта арнаулы оқу орындары үшін жаңашылдығымен ерекшеленбек. Бұған барлық кәсіптік білім беретін мекемелердің ұстаздары дайын болуы тиіс.

Жақында уақытта еліміздегі колледждер саны азаяуы мүмкін. Біздің өңірдегі 68 орта арнаулы оқу орнының 18-і мемлекеттік. Сала мамандары бүгінгі таңдағы жекеменшік колледждердегі білім сапасы сын көтермейді деген пікірде. Оқу ақысы үшін төленген қаржыға сай білім сай берілсе дейді олар.

Заманауи білім берудің негізі – әлемдік тәжірибеден өткен дуальды жүйе. Яғни, ұстаздар білім берумен қатар тәжірибелерін де арттырады. Бұған жағдай да жасалуда. Мемлекеттік бағдарлама аясында шымкенттік ұстаздар Сингапур, Түркия және Еуропа елдерінде білімін жетілдірмек. Қазірдің өзінде шымкенттік 2 колледж, политех-Кембридж, экономика және құқық колледжінің ұстаздары сингапурлік мамандармен тәжірибе алмасуда.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=BzPi4DYwFso[/youtube]