Білім министрлігі білім сапасын жақсарту үшін шетелден 67 млн доллар қарыз алмақ

301
Фото Tengrinews

Бүгін Білім және ғылым министрлігі Дүниежүзілік даму банкінен 67 миллион долларды қарызға алатын болды. Теңгеге шаққанда 25 миллиардты құрайтын қаржы республикалық қазынадан 17 жылда кері қайтарылуы тиіс деп хабарлайды КТК арнасы.

Білім министрлігі білім сапасын жақсарту үшін шетелден қарыз алмақ Қазақстанның қарызы тағы 67 миллион долларға көбейді! Бүгін Білім министрлігі Дүниежүзілік даму банкінен ақыры ақша алатын болып келісті.

Теңгеге шаққанда 25 миллиард болатын қыруар қаржы республикалық бюджеттен 17 жылда кері қайтарылуы тиіс. Келісім бойынша, 1 доллардың құны 360 теңге болып бекітілген. Бірақ қарыз бойынша алғашқы төлем тек 5 жылдан кейін жасалады. Оған дейін берешекке алынған қаржыға  7 жарым мыңға жуық мектепті компьютер, интерактивтік тақта сияқты заманауи құрал-жабдықпен қамтып, педагогтардың біліктілігін арттыру көзделген. Әрі мүгедек балалардың ел қатарлы білім алуына жағдай жасау үшін де ақша қарастырылған. Негізі, бұл бағытта қазынадан да жылда миллиардтар бөлінеді. Бірақ, ол жеткіліксіз болғандықтан, қарыз алуға тура келіпті. Эльмира Суханбердиева, ҚР Білім және ғылым вице-министрі: – 8 миллион доллар қаражат өзімізден, ал 67 миллионды дүниежүзілік банк береді. Жылдық ставкасы 2 пайыз болып есептеледі. Бұл әлеуметтік жоба жаңа айттым. Сондықтан ставкасы төмен.