Kcell абоненттері арасында сыйлықтар ұтысы ойнатылды

527

Дөңгелектегі Express! Еліміздегі Kcell абоненттері арасында 6-шілдеден бастап 1-тамызға дейін өткізілген сыйлықтар ұтысы өз мәресіне жетті. Бас жүлдеге скутер тігілген болатын. Бұл акция Қазақстанның 14 қаласын қамтыған болатын.

«Дөңгелектегі Express» акциясын оңтүстік жұртшылығы белсенді түрде қолдап, таңертеңнен Kcell кеңселеріне ондаған абоненттер келе бастады. Олар – акцияға өз үлесін қосып, осы мобильді операторды қолдайтындар. Науқанға қатысу үшін абоненттер «Kcell, Activтен жаңа телефон» акциясына қосылуы тиіс болатын. Яғни, тиісті орыннан бір ұялы телефон сатып алғандар кепілді сыйлық – ZTE F 110 телефонына ие болады. Сонымен қатар, Activ-тің бастапқы топтамасын таңдағандар осындай екінші топтаманы сыйлыққа алады.

Сәкен Байтұрғанов, «GSM Казахстан» компаниясының ОҚО филиалының жетекшісі: «Біз клиенттерімізге сапалы байланыс ұсынуды көздейміз. Абоненттеріміздің бас кеңсеге барып, уақытын кетіріп жүрмесі үшін өңірлерде кеңселерді көптеп аштық. Мәселен, қазір ОҚО-да 30-ға жуық Express кеңсе болса, Шымкентте соның 11-і жұмыс істейді».

Шымкентте Зарина Камилова есімді бойжеткен скутерге ие болды. Kcell компаниясының белсенді тұтынушысы Iphone 45 сатып алғанымен қоса, дос-жарандары мен туыстарын акцияға қатысуға шақырыпты.

Зарина Камилова: «Қуанышымда шек жоқ. Ұтысқа ие боламын деп ойламағн да едім. Бұрынан тек осы Kcell-ді ғана байланысқа пайдаланып жүретінмін».

Бүгінде елімізде Kcell компаниясының 8 миллион абоненті болса, солардың бір миллионнан астамы – біздің жерлестеріміз, Оңтүстік халқы. Тұтушыларға ұсынылатын тиімді шарттар мен сапалы қызмет Kcell-ді өзге бәсекелестерінен айрықша көрсетіп тұрады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=YEWgUodqfZ8[/youtube]