Шымкенттің баскетболшылары ел чемпиондары атанбақ

274
Жаттығулар күшейтілген

Ел чемпионатының алдында 15 жастағы шымкенттік баскетболшылар тынбай еңбектенуде. Өйткені, бапкер шәкірттерінің алдына нақты жоспар қойып отыр. Ол – жүлделі орыннан көріну. Аптасына бес рет үш сағаттан жаттығулар жалғасуда.

Балжан Борабекова үш жылдың ішінде шымкенттік командамен бірлесе  Республикалық  турнирлерде және Азия да топ жарған. Бүгінгі жаттығулар ертеңгі жеңістің кепілі дейді бойжеткен.

Балжан Борабекова, баскетболшы: «Дайындық жақсы жүріп жатыр. Жаттығып жатырмыз. Енді жүлделі болу үшін қолымыздан келгенше тер төгу қажет болып тұр».

Марат Андақұлов, жаттықтырушы: «Біздің баскетболшы қыздар елімізде епті екенін дәлелдей білген. Мәселен 1993 жывлы дүниеге келген спортшыларымыз чемпион атанса, олардан кейінгілер де қоладан алқа таққан еді. Ал бүгінде бірінші турдың өзінде төртінші орында келе жатырмыз. Ендігі мақсат жүлделі болу».

Ел чемпионаты қыркүйектің 3-10 аралығында Лесоковск қаласында өтеді. Ал күзде жерлестеріміз Азия ойындарына дайындалатын болады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=5A2k4qxvEQ4[/youtube]