Шымкенттің үздік баскетболшы-оқушысы анықталды

538
Жарыстың алғашқы ойыны. Сайрамдықтар басымдылық танытуда

Боксшы Фарух Шаназаровты еске алуға арналған облыстық турнир биыл да №8 гимназияның спорт залында өтті.  Бұл баскетбол жарысы осымен тоғызыншы рет ұйымдастырылып отыр. Кезекті рет жарысқа келген қонақтар былғары қолғап шеберін еске алып, оның ізбасарларына сәттілік тіледі. Бұл жолы бокстан ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов пен бокстан әлем чемпионы Біржан Жақыпов та жеткіншектерді қолдауға арнайы келген.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=A4Vapon1kUM[/youtube]

Бокстан ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжановпен Біржан Жақыпов жуырда ғана ел ордадан жеңіспен оралды. "Төрттік турнирі"-нде жерлестеріміз алтыннан алқа таққан болатын

Тоғыз жылдан бері бұл турнирге келуді  осы қонақтар дәстүрге айналдырған

Облыстық турнирге биыл 8 команда қатысты. Олардың арасында Қарабұлақ пен Сайрамның спортшылары да бар. Алғашқы ойында осы екі команда өзара мықтыны анықтап, сайрамдықтар 24:14 есебімен жеңіске жетті.  Ал алаң қожайындары өткен жылы чемпион атанған болатын.

Бұл жолғы жарысқа аудандардан да баскетболшылар келді

Келесі жылдан бастап бұл жарыстың шеңбері кеңейе түспек. Оныншы рет өтетін жарысқа Өзбекстаннан да баскетболшылар шақырылатын болады. Жыл бойында жеткіншектер өз ауданында іріктеліп, ақтық кездесуде үздік төрт команда өзара бақ сынасады. Олардың арасында өзге облыстың да баскетболшылары да болуы мүмкін. Қазіргі таңда облыс деңгейінде ғана өтетін бұл турнирдің ұйымдастырушылары алдағы уақытта халықаралық аренаға шығуға жол іздейді.

Жарыстың алғашқы ойыны. Сайрамдықтар басымдылық танытуда
Жарыстың алғашқы ойыны. Сайрамдықтар басымдылық танытуда

Екі күндік дода соңында №8 гимназияның баскетболшылары топты жарды. Екінші орынды Мукими атындағы Сайрам ауданының орта мектебінің спортшылары жеңіп алды. Ал алғашқы үштікті Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары қорытындылады. Ең үздік ойыншы атағына сайрамдық Ихтияр Ризаметов ие болды.

Жарыстың мақсаты облыс құрамасына шәкірт дайындау
Жарыстың мақсаты – облыс құрамасына шәкірт дайындау
Бұл жеткіншектер жыл сайын осы жарыста шеберлігін шыңдайды
Баскетболмен айналысатын жеткіншектер жыл сайын осы жарыста шеберліктерін шыңдайды

Бұл ойында Сайрам ауданының баскетболшылары басым болды

Сайрам ауданына Қарабұлақтың ойыншылары төтеп беруге тырысуда