Зообақтағы семіз су сиыры екен деп ойлап қалмаңыз, Шымкентте Бегемот атты ретро-клубы ашылды. Ойын-сауық орнының алғашқы күні-ақ мұнда көңілді кеш өткізу үшін келгендердің саны көп болды. Ұйымдастырушылар өз клубтарының аты ғана емес, заты да қатардағыдан ерекше болуы үшін тырысып бағуда.
Шымкентте алғаш рет Бегемот деген ерекше атаумен ретро-клуб ашылды. «Бурлеск» дуэті мен жеке орындаушылар сахнаны жандандырып, Өзбекстаннан келген «Гарем» би ұжымы жиналғандардың көңілін жадыратты. Бұл күні клубтың ашылғанын естіп келгендердің қарасы қалың болды. Олардың шат-шадыман көңілде жүргендері жүздерінен байқалып тұрды.
Елена Кудиенко: «Мұнда барлығы өте әдемі, барлығы ретро стилінде жасалған. Енді жиі келіп тұратын боламыз. Жанды әуен, бұған ұқсас клуб шымкентте көрмедім».
Клуб қызметкерлері оның ерекше болын әбден ойластырыпты. Ойын-сауық орталығының арт директоры Роман Исхаков нәтиже көз қуантарлық болғанын айтады. Енді, міне, 200 адамға арналған клуб түрлі іс -шара өткізуге сақадай сай.
Роман Исхаков, «Бегемот» ретро клубының арт-директоры: «Ретро-клуб жастық шақты еске түсіруге арналған. Келушілер әрдайым өздерін жас сезіне алады. Ал атауын Бегемот деп қоюымыздың өзіндік себебі бар. Қаламыздың басым бөлігі осы клубымызға жиналады деп ойлаймын».
Шымкенттіктердің Бегемотпен танысуы осылайша ерекше өтті. Енді ретро-клубтың есігі шымкенттіктер мен қала қонақтары үшін ашық. Мұнда келушілер үшін әрдайым әсерлі шоу, естен кетпес бағдарлама дайын.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=NBUs_MvvWLs[/youtube]