«Америкалық сырғанақ» ашылды

491

Бүгінде Шымқалада демалыс орындары көп. Әсіресе отбасымен бірге барып демалуға лайықты орталықтар көбейіп келеді. Біраз уақыт жөндеу жұмыстары жүргізілген «Кең баба» саябағы демалушыларға есігін айқара ашып отыр. Мұнда балаларға арналған атракционның алуан түрі бар.

Жаңартылған «Кең баба» саябағы – отбасымен бірге уақытты өткізуге арналған тамаша орындардың бірі. Саябақтың аумағы отбасылық, балалар және экстремалды аймаққа бөлінеді. Келушілер қалауынша үш аймақта демалысын көңілді өткізуіне мүмкіндігі бар. Бұдан бөлек, жаңа аттрактиондар қойылды.

«Катапульта», «Америкалық сырғанақ» және балалар қалашығы бүгінде демалушылардың сүйікті орнына айналып үлгерді. Сондай-ақ, бес қабатты лабиринт, ата-аналар мен балаларға арналған ойын аумағы және отбасылық «Аққулар мен Пілдер» әткеншектері орналасқан.