Шымкент Мега СО-на 5 жыл

313
«Мега» сауда орталығына 5 жыл толды

Шымкенттің MEGA орталығының құрылғанына – 5 жыл. Осыған орай сауда-ойын-сауық орталығының қызметкерлері өз мерекелерін қызықты етіп атап өтті. Оған мыңдаған жерлестеріміз жиналды. Бұл күні әрбір келушіге арнап түрі ұтыс ойындары да өткізілді. Франция, Бразилия, Гаваи аралдары, Лапландия мен Жапония… Мегаорталықтың 5 жылдық тойына жиналғандар әлемнің осы 5 өлкесіне саяхат жасады.

Кіреберіс есікте стюардтар мегатөлқұжаттарды үлестіріп, сол құжат бойынша аталған елдерді кезуге мүмкіндік алды жиналғандар. Әр қатысушы өзіне виза жинақтап, 5 бірдей елге бара алғандар жүлделерге ие болды.

Шырын Әділова, әкімші: «Біз Мегамен бірге 5  жыл бойында бірге болған әрбір адамға алсымызды жеткізгіміз келеді. Бүгінгі мереке де осындай жандар үшін».

Жапон қыздарының қылықты биін тамашалап, Гавайлық бишілермен бірге өнер көрсетуге мүмкіндік туды мұнда. Ал романтиканы жаны сүйетіндер француз еліне сапар шекті. Мұнда қылқалам шебері ниеттенгендерге портретін де салып берді.

Мерейтой кешінде Шымкент «Мега» орталығында сыйлықтар таудай үйілді. Ал Мегаорталықпен бір күнде туылғандар бөлек сыйға ие болды. Алмас Орманов та солардың бірі. Өз мерекесін мегаорталықта атап өтіп жатқан жігітке сауда отралығы тәтті торт сыйға тартты.

Ән мен би әуелеген салтанат күні бойы толастаған жоқ. Күн батқанда атылған от шашу мерекенің сәнін келтірді. Бәрінен де қызықты, тамаша тарту келушілерге кеш соңында жасалды. Алматыдан ат терлетіп келген рнайы қонақ – әнші Айқын Төлепбергенов мерекелі кешке жиналғандарды сазды сыйымен бір қуантып тастады.

Сыйлықтар селі, қуаныш пен күлкінің көші – Шымкенттің мегаорталығының тойы осылай өтті. Ұйымдастырушылар бұл күнді қала қонақтары мен тұрғындарының есінде қалдыратындай етіп-ақ жасапты. Соңынан мереке би кешімен тарқады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=yg3QlBRIURk[/youtube]