Шұғыл: Шымкентте «Мега» сауда орталығынан өрт шықты

378
пожар в меге

Шымкенттегі «Мега»ойын-сауық сауда орталығынан  өрт шықты. Төтенше жағдай сағат 16:00-де орын алған.

«Мега» сауда орталығынан өрт шықты

Қазір оқиға орнында төтенше жағдай департаментінің 4 өрт сөндіру машинасы мен 50 қызметкері жұмыс жасап жатыр. Өрт ірі сауда орталығынң үшінші қабатынан шыққан.

Қаладағы «Мегаға» апарар барлық жолдар жабылды. Дәл қазір өртті ауыздықтау жұмысы қарқынды түрде атқарылып жатыр. Жүзге жуық адам қауіпсіз жерге шығарылды. Әзірге, жапа шеккендер жоқ.