Шымкентте жылжымайтын жеке мүлікті түгендеу басталды

372
жылжымайтын мүлік түгенделіп жатыр
жылжымайтын мүлік түгенделіп жатыр

Шымкент қаласындағы тіркеуден өтпеген жылжымайтын мүліктерді анықтау басталды. Қала әкімінің шешімімен арнайы құрылған жұмысшы тобы үш ауданда қанша үй мүлікті тіркеу орталығына тіркелмегенін тексереді. Сондай-ақ үй егелеріне мүліктерін тіркеу ережелерін түсіндіреді.

Жылжымайтын мүлікті тіркеу жөнінде кеңес беруге шыққан жұмысшы тобы ә дегеннен-ақ кедергіге тап болды. Өйткені тұрғындардың басым бөлігі жұмыста немесе жеке шаруасымен үйінде жоқ болып шықты. Ал үй қызметшілерінен мамандар сұрақтарына жауап ала аламайды. Қаладағы тағы бір келеңсіздік көше атаулары дұрыс жазылмауы салдарынан орын алды.

Қала әкімдігіндегі ақпарат бойынша Шымкент қаласында 153 мың жеке мүлік ,көпқабаты үйлер мен гараждар тіркелген. Ал тіркелмегенінің саны белгісіз. Жұмысшы тобының міндеті осыны анықтау.

Рейдтік шара барысында тіркелмеген барлық жылжымайтын мүлік иелеріне ескерту берілді. Белгіленген мерзімге дейін тіркемеген жағдайда әкімшілік айыппұл салынады.