Жаңалықтар 

30 қыркүйек – Әділет органдарының төл мерекесі

ОҚО Әділет департаментінің жас мамандары

30 қыркүйек – Әділет органдарының төл мерекесі. Осыған байланысты ОҚО Әділет департаменті қызметкерлері тұңғыш рет өз кәсіби мерекесін салтанатты түрде атап өтті. Әділеттіліктің ақ туын төмендетпейтін орган мамандары мерекені жетістіктермен жақсы жаңалықтармен қарсы алып отыр.

Мұхтар  Әбдезов – жас маман. ОҚО Әділет департаментінде қызметке кіріскеніне тура 1 жыл болған ол мамандығын мақтаныш тұтады. Қызығы мен қиындығы мол әділет органдарында жұмыс істеу үлкен жауапкершілікті жүктейді дейді жас маман.

Мұхтар Әбдезов, ОҚО Әділет департаментінің бас маманы: “Мен зияткерлік бөлімінде жұмыс жасаймын. Өнертапқыштармен, авторлармен, жазушылармен жұмыс істеу өте қызық. Қызметім өзіме ұнайды. Түрлі жауапты тексерулер  жүргіземіз”.

Жас мамандарға аға буынның үйретері аз емес. Өз тарихында алғаш рет кәсіби мерекесін атап өтіп жатқан әділет органдарының бұл салтанатына ардагерлері де құрметтелді. Гүлшат Ілиясова осы салада саналы ғұмырының 50 жылын арнаған жан. Кеше мен бүгіннің жұмыс жүктемесін салыстырудың өзөі артық дейді зейнеткер.

Гүлшат Ілиясова – әділет саласының ардагері

Гүлшат Ілиясова, әділет органдарының ардагері: “Біздің кезімізде компьютер деген болған жоқ. Барлық құжатты қолмәшинемен тердік. Бүгінде маман мәселесі де әбден шешілген. Әділет органдарында жұмыс жасауға құмартатын жастар көп.”

Адамның туылғанынан бастап өмірінің соңына дейінгі кезеңі әділет орындарының қызметімен тығыз байланысты. Кәсіби мерекесін департамент қызметкерлері жақсы жаңалықтар мен жетістіктермен қарсы алуда дейді департамент басшысы.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz