Шымкенттегі «Южполиметалл» АҚ мемлекеттік БАЖ салығына 62 млн теңгеден астам ақша төлеуі тиіс. Мұндай шешімді Оңтүстік Қазақстан облыстық мамандандырылған ауданаралық соты шығарды. Белгілі болғанындай, атақты қорғасын зауытының «Қазақстанның даму банкінің» алдында миллиондаған АҚШ доллары көлемінде берешегі бар. Ол ақшаны бір емес бірнеше жылдар бойы төлемей келген.
Қорғасын зауытының басшылары банктің қарызды қайтару жөніндегі талабына түрлі сылтау айтып, бірнеше жылға созған. Осыдан кейін аталмыш банк зауыт қожайындарын сотқа беріп, талап арыз түсірген. Бірақ акционерлік қоғам басшылары алаңдауға еш негіз жоқ, қарызды уақытылы қайтарамыз. Бұл жерде банк қызметкерлерінің байбаламы негізсіз деп отыр.
Тұрсынбек АСАНБАЕВ, «Южполиметалл» АҚ президенті: «Бірінші инстанция сотты біз жеңгеміз. Екінші инстанцияны да жеңгеміз уақтысында. Үшінші инстанциядан бізге қайтарып берді. Төртінші верховныйға барған жоқ. Бірақ облыстық соттың коллегиясында олар жеңіп, мен енді оны да түсінбеймін. Соның есебінен банк шешкен мәселесін сатуға мүмкіндігі бар».
Алайда шешімді шығарған сот өкілдері «зауыт қожайындары жалған ақпар беріп, төлемді әдейі созды» дейді. Яғни, 2003 -2008 жылдар аралығында алынған қарыз ішінара төленгенімен, негізгі бөлігі қалып қоя берген. Сондықтан сот банк қызметкерлерінің шағымын толық қанағаттандырып, зауыт басшыларын ақша төлеуге міндеттеп отыр.
Марат Адамов, ОҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы: «Соттың шешімімен жауапкерден талапкердің пайдасына сот 14 235 121 АҚШ долларын өндірген. Одан басқа ҚР Салық кодексіне сай сот осы өндіріліп жатқан соммадан 3 пайыз ретінде жауапкерден мемлекеттің пайдасына 62 277 231 теңге мемлекеттік БАЖ өндірген».
Айта өтейік, бұл шешімді облыстық соттың аппеляциялық және кассациялық алқасы өз күшінде қалдырған. Сондықтан сот орындаушылар зауыттың кепілдікке қойған дүние-мүлкін сатылымға шығармақшы.
Алайда зауыт қожайындары бұл шешіммен келіспейді. Айтуларынша,