Алтын көрсеңіз, жолдан таймаңыз! Бүгінгі күнге дейін өзінің бұйымдарымен барлық сатып алушылардың көңілінен шығып, оларға қуаныш сыйлап келген «Қазақзергер» жерлестерімізді тағы да акция ұйымдастырып қуантып отыр.
Алтын бұйымды сатып аларда әрбіріміз мұқият ойланып, отбасы мүшелерімен кеңесеміз. Үлгісі, көлемі, сапасы және қалтаға қолайлысын алуға тырысамыз. Алтын бұйымның құны аса жоғары болғандықтан, бір реттік таңдауда қателеспеу маңызды.
1941 жылы негізі қаланып, Кеңес заманынан бері бағалы зергерлік бұйымдарды көпшілікке ұсынып келген «Қазақзергер» туған күніне орай бүкіл қазан айында барлық бөлімшелерінде акция ұйымдастырып отыр. 20 пайыз жеңілдікпен алған бұйымға купон беріледі. Оның нәтижесінде сіз ұтыс ойындарына қатыса аласыз. 3-ші қараша күні өтетін шарада 10 күміс, 5 алтын бұйым және басты сыйлық гаухар тасты жүзік өз иесін табатын болады.
Сапалы дүние әрдайым сіздің талғамыңыздың жоғарылығын байқатады. Ондай бұйымды тек Ресеймен Украинаның атақты зауыттарының алтын, күміске бағалы тастар орнатылған қайталанбас бұйымдарын жеңілдікпен сататын Қазақзергерден ғана таба аласыз. Салон мына мекен-жай бойынша асыға күтеді. Дулати көшесі 9-шы үй.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=WJgG_upWkFQ[/youtube]