Қала әкімі батырдың батасын алды

443
Қала әкімі ҰОС-ның батырына құрмет көрсетті
Қала әкімі ҰОС-ның батырына құрмет көрсетті

Оңтүстікте Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған жау­ын­герлерден көзі тірісі жалғыз Тоғанбай Қауымбаев. Ол 1943 жылы Днепр өзенін жалдап өтіп, жау бекінісіне бірінші болып атой салғаны үшін Батыр атағына ие болған жауын­гер­лердің бірі.

Қарттар күні мерекесінде қала әкімі Тоғанбай Қауымбаевтың үйіне арнайы барып, атаулы мейрамымен құттықтады. 90 жасты алқымдаған батырдың хал-жағдайын сұрап, бағалы сыйлығын арқалай барыпты. Жайылған ақ дастархан басында батыр атаның батасын алып, отбасының амандығын тіледі.

Сый-құрметін көрсете қайтқан қала басшысы батырдың бар жағдайын жасауға дайын екенін тағы жеткізді.

Қайрат Молдасейтов,қала әкімі: «Батырдың үйіне арнайы келіп, қарттар күнімен құттықтадық.Үлкендерге құрмет көрсету атадан келе жатқан мұра. Көзі тірісінде жағдайын жасап, қадірлеу міндетіміз. Бұл кісілер бізге бейбіт өмір сыйлады. Мойындау керек, арамыздағы Ұлы Отан соғысының ардагерлері азайып барады».