Әнші Атхамбек Юлдашев Оңтүстік тұрғындарын мерекемен құттықтады

384
Әнші Атхамбек Юлдашев Оңтүстікті 80 жылдық мерекемен құттықтады
Әнші Атхамбек Юлдашев Оңтүстікті 80 жылдық мерекемен құттықтады

Бұл күні Өзбекстан мен Қазақстанның ең танымал эстрада жұлдыздары Оңтүстік тұрғындарына өнер көрсетті. Орталық Әл-Фараби алаңында өткен мерекелік шараға келген көпшіліктің қарасы қалың болды. Тұрғындар тіпті ауа райының суықтығына назар аудармады. «Достығымыз жарасқан» тақырыбы аясында өрбіген кеш өңірдің 80 жылдық құрметіне арналды. Мерекелік шараны ұйымдастырып, бас болған кештің басты қонағы – Атхамбек Юлдашев. ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері Оңтүстік тұрғындарына ерекше сый жасауды жөн көрдім дейді.

Атхамбек Юлдашев, ҚР-ның мәдениет қайраткері: «Оңтүстік өңірінің халқын 80 жылдық меркесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл кеш дәстүрлі түрде өткізіліп жүрген кеш! Алайда бұл жолғы кеш өз ерешелігімен, өз мерекесімен есімізде сақталатын болады. Біздің кең қазағымызға ешкім жеткен емес және жетпейді де! Мен осы жерде туып-өскеннен кейін, халыққа жақсылық жасауды жөн санадым. Осы халық қысылып қалмасын деп ойладым. Барлығының ақшасы бола бермейді, мысалы. Концерттің ерекшелігі де сол – ақшалай емес бұл кеш! Халық демалсын, рухани ләззат алсын деген мақсатта ұйымдастырып отырмын. Сонымен қатар, Елбасыма мың алғыс! Оңтүстік Қазақстан облысының әкіміне және қала әкіміне алғысымды білдіремін! Осы бір ойымды-ұсынысымды айтқанда, құптап, қолдады. Халқыма, еліме рахмет! Мені еркелетіп, маған жәрдем етіп отырған қазағымның жасаған жақсылықтарын мен ешқашан да ұмытпаймын. Сол себепті бүгін Қазақстан мен Өзбекстанның ең танымал еңбек сіңірген әншілерін қонаққа шақырып отырмын. Шығыс ханшайымы Шахзода, Юлдыз Исмаилова, Айбек Сұлтанов, «Офарин» би тобын да айтай өтейін. Ал қазақ әншілерден Айгүл Иманбаева, «NNBek» тобы тағысын-тағылар. Жас әншілер де өнер көрсетеді. Олардың сахнаға шығып, халыққа ән сыйлауы мен үшін үлкен мәртебе! Жас толқынның өнерде жоғарыға жетуі мен үшін үлкен жеңіс! Мұндай кеш арқылы мен халқыма деген сүйіспеншілігімді білдіргім келді! Мен әрдайым балалар үйіне және қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға қайырымдылық шараларын көп өткіземін. Жалпы айтқанда отбасымнан артылған қаржының барлығын мұқтаж жандарға жұмсаймын. Бұл менің парызым деп білемін!»

Кешке жиналған өнерсүйерқауымның санында есеп болмады. Әл-Фараби алаңына жиналған жұртшылық әншілермен қосыла ән шырқап, гүл шоқтарын сыйлап, кештің көркін кіргізді. Бұл – Оңтүстік тұрғындарының өнерге деген құрметі болса керек-ті.

ГауҺар Сұлтанова, көрермен: «Өте керемет концерт болып жатыр. Күн Суық болса да да келіп тамашалап жатырмыз. Тек теледидардан көретін әншілерді өз көзімізбен көрдік. Бұны Атхамбек Юлдашевтың тосын сыйы деп білеміз. Атхамбек халқын, елінің көңілін ешқашан қалдырған емес! Бізді ұмытқан емес! Міне, кәрзеңкемен гүл әкелдік! Өз қолыммен табыстағым келеді. Өнерпазға деген құрметімізді осындай ықыласпен білдіреміз! Бәрінен бұрын халықтың ең сүйікті әншілерін шақырып, біз үшін арнайы кеш өткізгенін Біз бағалаймыз».

Мақсат Барлыбаев, көрермен: «Тамаша кеш өтуде. Біраздан бері мұндай концерт көрмеген едік. Қарап отырсам, қаланың жас-кәрісінің барлығы да осында жиналған ұқсайды. Әжелеріміз де келіп ұйып ән тыңдап отыр. Атхамбек Юлдашев ел алғысына бөленіп жатыр. Жасырмай-ақ қояйын, мен бұрындары онша назар аудармайтынмын әншіге. Қатты қателескенімді ұғып отырмын. «Аналарға арнау» әнін орындап, халыққа сый-сыяпат табыстап жатыр. 80 жылдық мерекемен құттықтап, ел алдында бас иді. Бұл да болса әншінің жанының тазалығы мен өнерге деген құрметін, қарапайымдылығы мен адамгершілігін анықтаса керек-ау. Өз басым Атхамбек Юлдашевқа алғысымды білдіремін».

Қазақ эстрадасы жарқын жұлдыздарының басын қосқан кеш 4 сағат бойы Шымкентті әнмен әлдиледі. Тұрғындар ақ алғысын Атхамбек Юлдашевқа жаудырды. Ал әнші, әртіс Айгүл Иманбаева өнер иесін 1 жылдан бері жақсы танитынын айтты.

Айгүл Иманбаева, әнші: «Жалпы Атхамбек ағаның игі істерінің барлығы – жақсы дүниелер» деп білемін. Ол кісінің қарапайымдылығын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Ол кісінің халыққа жақындығы, ол кісінің өнері, рухани байлығы – барлығы қазіргі адамдардың бойынан табыла бермейтін құнды қасиет дер едім. Бір жылдан бері араласып тұрамыз, «ханмен де, қарамен де араласамыз ғой». Алайда, адам танитын жастамын деп ойлаймын. 1 жыл көп те уақыт емес. Алайда менің байқағаным, қандай жағдай болса да адамдарға жақсылық жасауға тырысып тұратындығы, қолынан қандай дүние келмесін еш аянып қалмайды, қолындағы соңғы заты болса да бере салады, барын беруден танбайды, ашық-жарқын, ақ көңілділігі Атхамбек ағаны өзгелерден бөліп тұрады. Ең бастысы, тағы да айтып өтейін, көкірек керуді білмейді, өте-өте қарапайым адам. Маған халықпен етене жақындығы қатты ұнайды. Сондықтан Атхамбек аға хабарласып, айтқан соң «бармаймын» деу менің атыма ұят! Сондықтан Оңтүстікке жолымыз түсті».

Екі елдің 20-дан астам жарқын жұлдыздарының басын қосқан шара жиналған көпшілікке мерекелік көңіл күй сыйлады. Айта өтейік, алдағы күндері өңірдің 80 жылдығына арналған кештер жалғасын табады деп күтілуде.