Атхамбек Юлдашев: Қазақстанда мен сияқты әнші жоқ

455
Атхамбек Юлдашев қайырымдылық кеш өткізді

Әнші, ҚР Мәдениет қайраткері Атхамбек Юлдашев Шымкентте қайырымдылық концерт өткізді. Бұл кешті тамашалау үшін Қазақстанның өзге өңірлерінен келгендердер де болды. Қаламыздағы С.Сейфуллин атындағы халықтар достығы үйінде өрбіген  қайырымдылық концерті бұл жолы аналардың құрметіне арналды. Шарапаты мол шараға Қазақстан және Өзбекстанның эстрада жұлдыздары шақырылған.

Әнші кешті ең алдымен аналарға тағзым етіп, бас иіп, батасын алудан бастады. Осынай қайырымдылық кешін жиі өткізетін өнер иесі сахна төріне көтерілісімен, әнсүйерқауым қаумалып, құрметін құшақ-құшақ гүл шоқтары арқылы білдірді. Ақ алғыс-тілегін жаудырды. Ал мәдениет қайраткері бұл қадамын өзге де әншілерге үлгі болғанын қалайды.

Әнші Атхамбек Юлдашев өзінің қадамын өзге әншілерге үлгі болғанын қалайды
Әнші Атхамбек Юлдашев өзінің қадамын өзге әншілерге үлгі болғанын қалайды

Атхамбек Юлдашев, әнші: «Мен аналарға арнау кешін өткізуді жалғастырамын. Себебі мұсылман қауым анасын әрдайым мәпелеп, құрметтеген. Сол себепті біз де анамызды сыйлап, лайықты құрмет көрсетуіміз қажет. Тірісінде аялап, бағу міндетіміз. О дүниеге кеткен соң, олар қайта оралмайды. Тірісінде қадіріне жетіп, айтқанын жасауымыз керек деп ойлаймын. Мен бір ғана нәрсені мақтанып айта аламын, Қазақстанда мен сияқты әнші жоқ! Себебі мен ешқашан концертімді ақылы өткізген емеспін. Әрдайым тегін, қайырымдылық кеші болып өтеді. Біз өнерімізді саудаламауымыз керек. Бұл Алла Тағаланың берген дарыны, қабілеті. Сол үшін халыққа тегін ұсыну дұрыс. Осы бастамам өзге әншілерге үлгі болса екен деймін. Мен халқымды жақсы көремін. Ел алдында бас иемін. Еліме, жеріме, қарапайым халқыма деген сүйіспеншілігімді де әнім арқылы жеткізіп жүрмін. Сонымен қоса, мен әрдайым халыққа қолымнан келген көмегімді көрсетіп жүремін. Алла Тағала денсаулық берсе болды, мен өзім жемесемде халыққа беріп, қуанышымды, дүниемді де тек халықпен бөлісемін».

Көпшілік тіпті сахна төріне шығып, «Жақсының нұры тасысын, Атхамбек жасасын!» деп дауыстап айтты. Жүрекжарды құрметін осылай жеткізді. Еліміздің өзге өңірлерінен арнайы осы аналарға арналған кешке келгендер де көп болды. Көрермендер залында ине шаншарлық орын болмады. Тыңдарман кештің басты қонағына дән риза.

Гүлсара Абдусәттарова, көрермен: «Атхамбек – жалғыз. Алтын басты адам. Мейірбан. Халықтың ұлы ол. Біздің баламыз. Біз сияқты аналарға арнап мынадай ғажайып концерт беріп жатыр. Бір тиын сұрамай, тегін өткізіп жатыр. Қазақстанда мұндай жандар аз ғой. Алғысымыз шексіз. Сол үшін арнайы гүл жиынтықтарын жасаттым. Біздің осындай бізді ойлайтын ұлдарымыз көп болсын деп тілеймін. Атхамбек аман болсын, денсаулық, жақсылық берсін оған!»

Қайрат Сарин, көрермен: «Біз осы концертті тамашалау үшін арнайы Астана қаласынан келіп отырмыз. 2 күн бұрын келдік, осы кешке кешігіп қалмас үшін. 40 бума гүл шоқтарын әкелдім. Бұл кісіге деген құрметімді жеткізгім келеді. Қайда жүрсе де халқын ұмытқан емес.

Концерт аясында Қазақстан және Өзбекстанның эстарда жұлдыздары әндерін орындады. Айтпақшы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Атхамбек Юлдашев аналарға арнау кешін Қазақстанның бар өңірінде жалғасады деп жоспарлап отыр.

[youtube]http://youtu.be/I7iJ39YmLBQ[/youtube]