Бұрынғы банк директорына қатысты сот отырысы басталды

274
"Қазкоммерцбанк" АҚ
«Қазкоммерцбанк» АҚ

Шымкентте «Қазкоммерцбанкке» қатысты атышулы сот отырыстары әлі де жалғасуда. Бүгін Әл Фараби аудандық сотында тағы бір отырыс басталды. Онда жеті адамның ісі қаралуда. Оның алтауы несие алушы болса, банктің аймақтық бөлімшесінің бұрынғы директоры басты айыпталушы деп танылып отыр. Оған банктің миллиондаған қаржысын талан-таражға салған деген айып тағылуда.

Естеріңізге сала кетсек, 2006-2007 жылдар аралығында қаржылық құрылымнан осы алты адам 12 млн-нан бастап бастап 86 млн. теңгеге дейін несие алған. Тергеу жұмыстары бірнеше айға созылып, сотқа тапсырылды. Қазір төрт айыпталушы қамауға алынған. Олардың арасында банк бөлімшесінің бұрынғы банк директоры да бар.

Шоқан АРШАБАЕВ, мемлекеттік айыптаушы: «Ол «Казкоммерц банк» АҚ Шымкент филиалының және Аймақтық директоры, банк қызметкері бола тұра өзінің қызмет бабын және және жалған құжаттарын пайдалана отырып, бірнеше рет алаяқтық жасаған. Нәтижесінде «Казкоммерцбанк» АҚ Шымкент филиалына жалпы алғанда 840 924 658 теңге ірі көлемде залал келтіріп отыр».

Алайда, сот отырысы кезінде айыпталушылардың барлығы да өз кінәлерін мойындаған жоқ. Айта өтейік, осы банкке қатысты екі рет сот процесі өткен болатын. Олардың бірінде он үш адам сотталса, екінші отырыста он жеті адам түрлі жазаға кесілген болатын. Бірақ кейін облыстық аппеляциялық сот айыпталушылардың бірқатарының жазасын жеңілдетіп тастады.

Автор: Айнұр Ақбаева