ОҚО-да тіл және мәдениет күні

421
Оңтүстіктің циркі
Оңтүстіктің циркі

Өңіріміздің 80 жылдығына орай 17-қазан  тіл, мәдениет күні деп белгіленді. Осыған орай басқарма басшылары бірқатар орындарға барып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Аю қонжықтары өздеріне жүктелген міндетті сезінеді

Жайна мен Мойнақ торқалы тойға арналған қойылымға дайындалып жатыр. Күнде жаттығуын пысықтап жатқандардың қатарында арыстанның күшігі де бар. Қонақтардың келгенін бірден сезді ме, білгенінен жаңылмады. Сол сияқты цирк әртістерінің бет алысы да жаман емес. Өткен жылдың соңында ашылған «Оңтүстік-Цирк» мекемесі 12 қойылымын көрерменге арнап үлгеріпті.

Сұлтан Сраилов,»Оңтүстік-Цирк» МКҚК-ның бас директоры: «Негізі цирк бір қойылымын үшін кем дегенде бір жыл дайындалады. Ал біздің ұжым бір жыл ішінде 12 қойылым қойды. Бұл бұрын-соңды болмаған оқиға. Сапасы қандай деген сауал туындап отырған шығар? Сапасына жіті мән береміз. Бағасын көрермендер беріп жатыр».

Биылғы жаңа жылдық шыршалар кеші осы цирк ғимаратында ұжымның жаңа қойылымдарымен өтеді екен. Бұл туралы облыстық мәдениет басқармасының бастығы Күлия Айдарбекова жария етті. Оның айтуынша, облыстағы мәдениет саласы ауқымды жұмыстарды атқарып жатыр екен. 9 айдың қорытындысы бойынша облыста 6450 мәдени іс-шара ұйымдастырылыпты.

Күлия Айдарбекова, облыстық мәдениет басқармасының бастығы: «Барлық іс-шара өңір тұрғындарына арналып өткізілді. Биылдың өзінде 3 халықаралық байқау ұйымдастырдық. 80 жылдыққа арнап, оңтүстіктен шыққан жұлдыздардың басын қосып, үлкен гала концерт өткіземіз. Бұдан өзге де ауқымды шаралар ұйымдастырып жатырмыз».

Ал облыстық тілдерді дамыту басқармасының атқарған жұмысы журналистердің көңілінен шықты. Тар ғимаратта отырса да, тірліктері тындырымды. 1997 жылы ашылған Шымкент қалалық қазақ тілін оқыту, салт-дәстүрді және өнерді насихаттау орталығында 15 дыл ішінде 9815 тіл үйренуші арнайы курстан өткен. Биылғы жылы 771 тіл үйренуші біліктілігін арттыруда.

Балхия Көмекбаева, облыстық тілдерді дамыту басқармасының бастығы: «Өңіріміздің құрылғанына 80 жыл толуына орай  мемлекеттік тілді қолданылуын аясын кеңейту мақсатында, оны жан-жақты насихаттау бағытында барлық аудан, қалаларда, мемлекеттік органдарда, білім беру мекемелерінде тіл апталықтары ұйымдастырылып, оның аясында облыста 6 фестиваль, 14 көрме, 5 мақал-мәтел сайысы, 24 түрлі бағыттағы байқаулар, 11 семинар кеңес пен конференция, 19 әдеби кеш, 14 пікір сайыс, 12 арнайы мерекелік кештер мен танымдық сайыс, 17 ақын-жазушылардың шығармаларынан оқулар өтіп, танымдық тіл әдеби поэзия сағаттары, кездесулер ұйымдастырылды».

Осылайша,екі басқарманың жұмыс барысымен танысып шыққан тілшілер, өңірімізде халық игілігі үшін жасалып жатқан оңды істерге оң бағасын берді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=nejxvTMoKuI[/youtube]